№25 жалпы білім беретін мектебінде кітапхана 1 қабатта орналасқан.
Жалпы қор саны 63952, оның ішінде оқулық саны - 12035.
көркем әдебиет - 51917;
орыс тілінде - 10849 ;
ағылшынша - 36;
балалар басылымы - 12;
буккроссингтен - 18;
2021 жылдың қаңтар айында мектеп кітапханасы жаңартылған заманауи үлгісіне сай жабдықталды. Оқушылар бос уақытта кітапханға келіп кітап оқуға мүмкіндік жасалған. Оқушылардың қолдануына арналған электрондық кітап қоры бар. Кітапханада кітап қоятын 14 сөре, 1 үстел және 12 орындық және кітапханашы отыратын жеке қабылдау бұрышы бар.
Оқу жылының басында «Оқуға құштар мектеп» жоба бойынша мектептің жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, іс - шараға оқушылар, ата - аналар, мұғалімдер қатыстырылды. Кітапханаға жаңадан келген кітаптарға шолу, әрбір атаулы күндерге, мерейтойларға байланысты кітап көрмелері, қысқы демалыс кезінде кітап оқу, ата-аналармен «Отбасымен бірге кітап оқу», мерейгер жазушыларға арналған челленджілерге оқушыларымыз үнемі қатысып отырады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «20 минут кітап оқы» іс - шарасы үнемі өткізіліп отырады. Сонымен қатар Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым», Д.Исабековтың 80 жылдығына орай «Гауһартас кітабының» желісі бойынша буктрейлер, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған «Асылдарым, алтын тұлға, ұлттың ұлы көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. С.Торайғыровтын туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» атты поэтикалық роман және Қ.Сәтбаевтың туған күніне арналған «Қаныш Сәтбаев ұлт мақтанышы» тақырыбында іс - шара өтті.
https://sat-sch25.edu.kz/kz/2024-04-13-06-18-23/129-kitapkhana-turaly-m-limet-2024-zhyl#sigFreeId400cd6ea36